03.08.2019, 00:35 19985

Президенттік кадрлық резервке іріктеуден өтуге мүмкіндік пайда болды

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттілігі туралы жариялады.

Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды.

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өту қажет:

кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеу;

көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарасын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);

Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Егер Сіз табысты бастамалардың авторы болсаңыз, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жобалар мен іс жүзінде іске асырылатын идеяларды ұсынуға, жедел шешім қабылдауға және инновацияларға тез бейімделуге қабілетті болсаңыз "Президенттік кадрлық резерв" жобасына қатысуға онлайн өтінім жолдаңыз!

Қазақстанның дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болатын жас әрі тиімді болашақ басшылардың қатарына қосылыңыз.

Толық ақпаратты МҚІА-нің qyzmet.gov.kz сайтынан алуыңызға болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны