03.04.2007, 13:23 2752

Президенттің 100 аурухана салу туралы тапсырмасын жүзеге асыруда көп салалы стационарларға басымдық беріледі - денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Президенттің таяудағы үш жылда 100 аурухана салу туралы тапсырмасын жүзеге асыруда көп салалы стационарларға басымдық беріледі. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой бүгін үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Президент таяудағы үш жылда 100 аурухана салу туралы тапсырма берді. Оны жүзеге асыруда кең көлемді мамандықтар бойынша сапалы медициналық қызмет көрсететін көп бағытты стационарларға басымдық беріледі",- деді А.Дерновой.

"Бұл әлемдік тәжірибе мен машыққа сай",- деп санайды министр. Министрдің пікірінше, "жаңа нысандар қазіргі заманауи технологиялардың орталығына айналады, ал медициналық көмек көрсетуді жылдамдату ауруханаға жатқызылатындардың санын азайту мен ауруханада жататын мерзімді қысқартуға мүмкіндік беріп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыруға жола ашады".

"Жалпы алғанда денсаулық сақтау саласында әбден көнерген , жарамсыздардың орнына жаңа нысандарды пайдалануға беруде ұсталынатын мұндай көзқарас медицина саласының ресурстарын мейлінше тиімдірек пайдалануға септігін тигізеді",- деді министр.

Сонымен бірге, А.Дерновойдың айтуынша, министрлік жаңа нысандарды салумен бірге қазіргі бар ауруханалар секторын қайта құру жұмыстарын жүзеге асырмақ. Бұл салада бүгінде 40-тан астам түрлі стационарлық ұйымдар бар. Олардың басым бөлігі перзентханалар мен диспансерлер секілді арнайы бағыттағы мекемелер.

"Қайта құрылымдау стационарлардың іс-қызметін оңтайландыруға, біртұтас стандарттар енгізуге, олар көрсететін медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін көтеруге мүмкіндік береді",- деді министр. Осыған байланысты оның айтуынша, 2008-жылы медициналық стационарлар желісінің мемлекеттік нормативтерінің жобасын жасау межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны