Система Orphus

Президенттіӊ қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсынысына сарапшылар қолдау білдіруде

14.04.2017, 12:50 546

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсынысына бірқатар беделді сарапшылар қолдау білдіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Атап айтсақ, президент бастамасына Қазақстанныӊ неміс жастары одағыныӊ төрағасы Артур Бартель түсініктеме берді.

"Қазақстан Республикасы әлемдік дамыған 30 елдіӊ қатарына кіру бойынша алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға зор қарқынмен бет алды. Келешек ұрпақты ойлаған және өз берген уәделерін орындай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев республикамызды жаӊғыру мен жетілу жолына бастап барады. Ағымдағы жылдыӊ басында президент өкімдерініӊ қоғамда қандай резонанс тудырғанын бәріміз біліп отырмыз. Баршамыз бірлесіп еліміздіӊ Ата заӊына түзетулер енгізу жайын, содан кейін ұлт болып бірлесе отырып мемлекет басшысыныӊ жыл сайынғы жолдауын қызу талқыладық. Ал бүгін біз Мемлекет басшысыны? "Болашаққа бағдар: рухани жа?ғыру" атты бағдарламалық мақаласы туралы сөз қозғап отырмыз, ол меніӊше, түрлі пікірлер тудыратыны анық, мақұлдаулар да, қарсы пікірлер де бой көрсететіні сөзсіз, ал бұл қазіргі заманғы демократиялық мемлекетте қалыпты жағдай болып саналады. Бұл мәселе бойынша өз ұстанымымды білдіре отырып, еліміздіӊ президенті жазған бастама бірегей бастама деп айта аламын. Өйткені бұл қадам бізге өскелеӊ буынды келешекте бәсекелестік қабілеттілікке ие болу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Қазақстанныӊ жастар буыны туралы айтатын болсақ, мемлекет үшін жан-жақты дамыған жастар қауымын тәрбиелеп өсіру басымдық болып табылалы, жастар келешекте ел билігін өз қолдарына алып, ұрпақтар жалғастығы эстафетасын жалғастырып, халықаралық сахнадағы мемлекетіміздіӊ алар орнын бекіте түсетін болады.

Президенттіӊ бастамасын қолдайтынымды және Қазақстандағы неміс жастарыныӊ атынан мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруді жақтайтынымызды мәлім етемін. Меніӊше, бұл шетелдіктердіӊ мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын тудырады, неге десеӊіз, олардыӊ қазақ тілін меӊгеру мүмкіндігін оӊайлата, жеӊілдете түседі. Жастар буыны үшін үйреншікті кирилл әліпбиінен латын қарпіне көшу оӊай деген пікірге қосыламын, өйткені, расында да, жастар бүгін ағылшын, неміс, француз және өзге де тілдерде еркін сөйлейді. Қазақстан жастары өздерінен кейін өсіп келе жатқан ұрпаққа алға қойылған ғаламдық мақсаттарды шешуге септігін тигізіп, жәрдемдесуге тиіс дегім келеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны