12.09.2006, 11:26 3621

Президенттің пайымдауынша, БҰҰ Халықаралық діни және мәдени толеранттылық жылын өткізу жөнінде бастама көтере алады

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, БҰҰ Халықаралық діни және мәдени толеранттылық жылын өткізу жөнінде бастама көтере алады. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Дінаралық шиеленістер мен дінаралық диалогтың ғаламдық сипаты БҰҰ-ның таяудағы бір жылды Халықаралық діни және мәдени толеранттылық жылы деп жариялауына мүмкіндік береді. Бұл бастаманы қазіргі дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер қолдайды",- деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

Н.Назарбаевтың хабарлауынша, "2007-жылы Қазақстандағы бір негізгі телеарналардың бірінде "дін сағаттары" өткізіле бастайды. "Осы залдағы адамдардың беделін ескере отырып, мен сіздерді өз елдеріңіздің үкіметтеріне осыған ұқсас дүние жасау жөнінде өтініш білдіруге шақырамын",- деді ол сьезге қатысушыларға.

Қазақстан президенті Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерін еліміздегі Бейбітшліік пен келісім сарайында жыл сайын дәріс оқуға үндеді. Оның пікірінше, мұндай дәрістер "Еуразиядағы бірегей әрі жарқын рухани құбылыс болмақ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны