11.09.2007, 11:38 1652

Президенттің тапсырмасымен үкіметте Алматыдағы құрылыстарға қатысты жұмыс тобы құрылды

Президенттің тапсырмасымен үкіметте Алматыдағы құрылыстарға қатысты жұмыс тобы құрылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен үкіметте Алматыдағы құрылыстарға қатысты жұмыс тобы құрылды.

"Менің тікелей тапсырмама қарамастан, "Медеу" маңында құрылыстар мен биік үйлерді үсті-үстіне салу одан әрі жалғасуда. Алматылықтардың ашуында шек жоқ", - делінген бүгін үкіметтің отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов оқып берген президенттің хатында.

Президент үкіметке Алматыдағы құрылыс салу ахуалын зерттейтін комиссия құрып, "қалада белең алған былықшылықты" жоюды тапсырды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, үкімет басшысы жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қойды, оны премьер-министр Кәрім Мәсімовтың өзі басқарады.

Топ құрамына бас прокурордың орынбасары, индустрия және сауда министрі, әділет министрі , төтенше жағдайлар министрі , қоршаған ортаны қорғау министрі мен жер ресурстары жөніндегі комитет төрағасы кірген.

Жұмыс тобына 20 қыркүйекке дейін президент алға қойған мәселелерді зерттеп, үкіметке ұсыныс енгізу тапсырылды. Сонымен бірге, К. Мәсімовтың айтуынша, бұл мәселе Қауіпсіздік кеңесінің отырысына шығарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны