06.07.2007, 14:05 3490

Президенттің туған күніне орай шымкенттік кәсіпкер 67-метрлік кәуап дайындауда

ШЫМКЕНТ. 6 -шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Шымкентте жергілікті кәсіпкер Жирайр Карапетян президенттің туған күніне орай ұзындығы 67 метрге жететін кәуап дайындауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кәуапты жасау үшін 100 кг жуық тауық еті сатып алынған. Ет газбен қарылатын болды. Өйткені, өрт сөндірушілер көмірмен ірі алау жағуға рұқсат бермеген. Салмағы 160 килограмнан асқан мангал мен шампурды жергілікті зауыт жасап шығарды, кәсіпорын өзінің газ мамандарын да жіберген.

Кәуап "Мир фантазий" техносаябағында жасалуда. Кәуап пісіру барысын бірнеше ондаған адам бақылаған, қазір олардың саны біртіндеп арта түсуде. Саябақтағы тәртіпті полицейлер қадағалауда.

Дайындалған кәуаптың бір бөлігі балалар үйлеріне жолданса, қалған бөлігін жиналғандарға таратпақ.

Дүниежүзінде ең үлкен кәуап жасау арқылы кәсіби аспазшы Ж. Карапетян Гиннестің рекордтар кітабына енбекші. Ол осы жөніндегі өтінішін өткен көктемде жолдаған. Алайда кітап өкілдері сапарларын кейінге шегеріп келді. Өтініштің көптігіне байланысты олар бүгін де келе алмаған. Бірақ кәуапты пісіру барысы бейнекамераға түсіріліп, түсірілген материалдар Гиннестің рекордтар кітабының бас пәтеріне жолданады.

Дүниежүзіндегі ең үлкен кәуап мемлекет басшысының туған күніне орай пісірілетіндігі жөнінде шымкенттік кәсіпкер Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхатпен хабарлаған.

Интернет-хабарламаларға сәйкес, тауық етінен ең үлкен кәуап Жапонияда жасалған. Шампур ролін атқарған бамбук таяқтың ұзындығы 16 метр 46 сантиметр болыпты. Оны жасауға Хидакагаваның 35 тұрғыны атсалысқан. Кәуап 16 тауықтан дайындалған.

Ал қой етінен жасалған ең үлкен кәуаптың ұзындығы 106 метрге жеткен. Ол 2002 жылы Кабардино-Балкарияның Богубент елдімекенінде пісірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны