10.10.2018, 23:06 6439

Президенттіӊ Жолдауы Алматыда қалай орындалады

Алматы әкімдігінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты халыққа Жолдауыныӊ қалай орындалатыны туралы айтылды.

Алматы. 10 қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты халыққа Жолдауыныӊ қалай орындалатыны туралы айтылды. Ол үшін мегаполис басшылығы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй салаларын сапалы дамыту және қалалықтар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 100-ден астам арнайы шаралар енген қалалық жоспар қабылдады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесуде Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұрақтылық, бірлік пен келісім сынды салиқалы саясаттыӊ арқасында халықтыӊ тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мемлекеттіӊ әлеуметтік шығындарды арттырғанын атап өтті. Тек Жолдауды жүзеге асыру үшін ғана 1,5 трлн. теӊгеден астам қаржы жұмсалатын болады, ал бұл жекелеген мемлекеттердіӊ жылдық бюджеттеріне теӊ.

Мемлекет басшысы Жолдауыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі урбанизация мәселесін ойдағыдай шешу мен қалаларды одан әрі дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік экономиканыӊ 70%-ы қалаларда қалыптасады, Алматы осындай 600 мегаполистердіӊ қатарына енген.

Алматы әкімі Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша халықаралық кеӊесшілермен бірге мегаполистіӊ ұзақ мерзімді болашаққа болжамы - Қаланыӊ 2050 жылға дейінгі дамуыныӊ Шеберлік- жоспарыныӊ жасалып жатқандығын айтты.

"Біздіӊ міндетіміз Алматыны жайлы, ыӊғайлы ету және әр адамныӊ тұрмыстық жағдайын жақсарту. Ол үшін қалада жыл сайынғы экономикалық өсім орта есеппен кем дегенде 5% болуы, еӊбек өнімділігі 2 есе артуы, 15 жылға жан басына шаққанда ЖӨӨ 1,5, 30 жылға 3 есе өсуі тиіс. Мұныӊ басты шарты экономиканыӊ құрылымын жүйелі өзгерту болып табылады. Сарапшылардыӊ болжамы бойынша 2035 жылы Алматы тұрғындарыныӊ саны 3 млн. адамнан асады. Демек, қаладағы экономикалық белсенді тұрғындарыныӊ қатары 700 мыӊға көбейеді, оларды IT секторында, білім беруде, денсаулық сақтауда,инжинирингте, жоғары технологиялы өндірісте, өнерде, туризмде жұмыспен қамту қажет. Ал бұл үшін қолайлы инновациялы экологиялық орта, ОЭСР елдеріндегідейі жоғары сапалы білім мен денсаулық сақтау қамтамасыз етілуі тиіс", -деді Бауыржан Байбек.

Президент Жолдауыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі көлеӊкелі айналымды 40%-ға қысқарту. Қазіргі кезде Алматы экономикасыныӊ 80%-дан астамы- сауда мен қызмет көрсету. Соӊғы жылдары Алматы әкімдігі сауда саласын көлеӊкеден шығару үшін жүйелі әрі тұрақты шараларды жүзеге асыруда, базарлар модернизациялануда. Тек соӊғы 3 жылда сауда саласын дамытуға 240 млрд. теӊгеден а стам жеке қаржы жұмсалды.

"Цифрландыру - экономиканыӊ ашықтығын қамтамасыз етудіӊ, бюрократтықты, азаматтардыӊ және бизнестіӊ кедергілерін жоюдыӊ еӊ ұтымды механизмі. Қазіргі кезде Алматыда "Smart Almaty" 40-тан астам жобасы жүзеге асуда. Ситуациялық орталық пен BigData жұмыс жасай бастады. "Оӊай" мен "А-паркингтіӊ" төлемді жүйелері іске қосылды. Нәтижесінде 9 ай ішінде салық түсімі өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 12,7%-ға артып, 1,3 трлн. теӊгені құрады. Өз кезегінде салықтыӊ көп жиналуы бизнеске қолдау көрсетуге және қала тұрғындарыныӊ әлеуметтік шығындарына жұмсалатын қаржыны арттырады", - деп атап өтті қала әкімі.

Айта кетерлігі, биылғы жылы "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша 6 мыӊ отбасы жаӊа пәтер алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. "7-20-25" бағдарламасы белсенді жүзеге асуда. Ескі үйлерді модернизациялаудыӊ инвестициялық әлеуеті 320 млрд. теӊгені құрайды. Алдағы бес жылда жеке инвесторларды тарта отырып 23 мыӊ жаӊа пәтерді іске қосу жоспарланған.

ПИК-терді реформалау жүйесі қатар жүруде. Заӊға өзгеріс енгізу үшін әкімдік тарапынан 30 ұсыныс берілді.Қаланыӊ тұрғын үй қорын ұстау Ережесі қабылданды. 2019 жылы барлық ПИК-тер бірыӊғай қолма -қол ақшасыз жүйеге көшетін болады. Тек 3 жыл ішінде ғана ПИК-тердіӊ қаржысымен 4 мыӊнан астам үйлер жөнделіп, лифтердіӊ 20% -дан астамы ауыстырылды.

Елбасы бастамасыныӊ маӊызды бөлігі еӊ аз жалақыны көтеру болып табылады. Тек Алматыныӊ өзінде ғана алдын- ала есептеу бойынша бұл мәселе 25 мыӊнан астам адамды қамтиды екен. Бұлардан өзге, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша елімізде мемлекеттік қызметкерлерге еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа моделі енгізілуде. Осы айдан бастап Алматы жалақы төлеудіӊ жаӊа моделіне көшеді. Тиімсіз шығындарды оӊтайландыру арқасында мемлекеттік қызметкерлердіӊ жалақысы орта есппен 2 есе өседі. Оныӊ үстіне 49 мемлекеттік кәсіпорын қысқарды, олардыӊ 32-і бәсекелес ортаға берілді.

ШОБ тұрақты қолдау шаралары барысында жыл басынан бері 24 мыӊ жұмыс орны құрылды. Жыл аяғына дейін тағы 8 мыӊ жұмыс орны ашылады. Меминвестицияныӊ әр теӊгесіне 4 жеке теӊгеден келеді. Қазіргі , 8 ай ішінде қала бюджетіне өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға көп салық жиналды, шағын және орта бизнестен салық 6% ға артық түсті.

Қала кеӊістігін жақсарту аясында мегаполистіӊ тархи орталығыныӊ үштен екісі жаӊарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланыӊ барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті. Көшедегі барлық жарық көздерініӊ үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Тротуарлар мен аулалардағы жарық бағаналары ауыстырылуда. Жыл аяғына дейін жаӊа қоғамдық көліктіӊ үлесі 80%-ға жетеді.

Орталықтандыру қағидасы бойынша қалаға қосылған Алатау және Наурызбай аудандарына 512 млрд. теӊгеден астам мемлекет қаржысы инвестиция ретінде жұмсалды. 240 км жол, 1300 км инженерлік желі, 11 мектеп, 156 бала бақша және 10 медұйым іске қосылды. Жеке инвестиция көлемі 252 млрд. теӊгені құрады, кәсіпорындар саны 4 есе, салық көлемі 10 есе өсті. Нәтижесінде қызмет көрсету сапасы және аудандардыӊ 400 мыӊдай тұрғындарыныӊ әлеуметтік сенімі артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны