11.08.2015, 18:50 3373

Приозерск қаласы орталық ауруханасыныӊ медицина қызметкерлері Қырғыстан азаматыныӊ өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шаралар қолдануда

Ағымдағы жылғы 7 тамызда Алматы - Екатеринбург бағытындағы жолда болған жол көлік апаты салдарынан жапа шеккен 1973 жылы туылған Қырғыстан азаматы Ақжол Батырқұловтыӊ өмірін сақтап қалу үшін Приозерск қаласы орталық ауруханасыныӊ медицина қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдануда

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 7 тамызда Алматы - Екатеринбург бағытындағы жолда болған жол көлік апаты салдарынан жапа шеккен 1973 жылы туылған Қырғыстан азаматы Ақжол Батырқұловтыӊ өмірін сақтап қалу үшін Приозерск қаласы орталық ауруханасыныӊ медицина қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі күні науқастыӊ жағдайы тұрақты ауыр болып бағалануда.

Науқаста жабық бас ми жарақаты, бас мидыӊ зақымдануы, екіжақты параорбитальды гематома, сүйектірініӊ жылжуымен сол жақ қабырғаныӊ жабық сынығы, сол жақ гемопневмоторакс, бет терісініӊ көптеген сыдырылуы, сол жақ жамбасыныӊ шығуы, 3 дәрежедегі травматикалық шок, 1 дәрежедегі кома.

Зардап шеккен азамат қажетті манипуляциялық және дәрілік ем қабылдауда.

7 тамызда Алматы-Екатеринбург трассасында ірі жол-көлік апаты орын алғанын, оныӊ салдарынан оқиға орнында Қырғызстанныӊ 2 азаматы қаза болғанын естеріӊізге саламыз. Көрші мемлекеттіӊ тағы 5 азаматы әртүрлі жарақатпен Приозерск қаласыныӊ Орталық ауруханасына жеткізілген болатын. Сол күні зардап шеккен 2 азамат: 1988 жылы туылған Даниярбек Еркебаев және 1974 жылы туылған Гулбайра Атамарзаева өмірге сәйкес емес жарақаттардан қайтыс болды.

Бүгін зардап шеккен 2 азамат: 1991 жылы туылған Канатбек Адилбек және 1988 жылы туылған Гульзина Жусункызы Қырғызстанныӊ санитарлық авиациясымен өз еліне жеткізілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны