20.01.2011, 13:40 4311

Приозерск қаласының әкімі тағайындалды

Қарағанды облысының бастығы Серік Ахметов Приозерск қаласының әкімін тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының бастығы Серік Ахметов Приозерск қаласының әкімін тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Приозерск қаласының әкімі болып бұған дейін Шахтинск қаласының әкімі қызметін атқарған Ерлан Өтешов тағайындалған.

Облыс әкімі Приозерск активіне қаланың жаңа әкімін таныстырып, оның алдына бірқатар міндеттер қойды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны