19.01.2011, 14:23 4220

Приозерскде 454 пәтерге әлі де жылу берілмей отыр

Қарағанды облысының Приозерск қаласында 454 пәтерге әлі де жылу берілмей отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 19 - қаңтар. Kazakhstan Today -Қарағанды облысының Приозерск қаласында 454 пәтерге әлі де жылу берілмей отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ТЖ салдарын жою штабының мәліметтеріне сүйенсек, 2844 пәтері бар 50 үйдің жартысына ғана жылу берілген. Жекелеген 454 пәтерге, яғни 16 пайызына әлі күнге дейін жылу берілмей отыр",- деп айтылған ТЖМ хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Бүгін, таңғы сағат 4-те Приозерск қаласында тағы бір қазандық істен шыққан. Шұғыл шара қолдану арқасында оның себептері дереу жойылып, қазандық 2 жарым сағаттан кейін қайта іске қосылды. Қазір қалада үш қазандық жұмыс істеп тұр, тағы екеуіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жылу таратқыштан шығатын температура Целсий бағамы бойынша - 50, айналымдағысы 23 градусты көрсетіп тұрғандығы айтылған. Даладағы температура -17 градус.

Қазір 199 адамнан құралған 19 бригада 454 пәтері бар бес тұрғын үйге жылу беру мәселесімен айналысуда.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовке жылу беру нысандарын дайындау жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырылмағаны, жылу көздерінің жұмысына бақылаудың жоқтығы және апатты жағдайды болдырмауға шаралар қолданбағаны үшін Приозерск қаласының әкімі Қайрат Смағұловты қызметінен босату туралы тапсырма берген болатын.

"Жылыту маусымын жүргізуге дайындық пен оны өткеру кезінде жіберген қателіктері және дер кезінде шара қолданбағаны үшін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұловқа және облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Марат Мәдиевке қатаң сөгіс жарияланды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Приозерскідегі жағдай мен қаланың жылумен қамтамасыз етілуі елдің Премьер-Министрі К.Мәсімовтің тікелей бақылауында тұр.

Бұрын хабарлағанымыздай, 14-қаңтар күні Қарағанды облысының қылмыстық полициясы қақаған қыстың ортасында тұтас бір қаланы жылусыз қалдырған Приозерск қазандығындағы апатты оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 4-қаңтар күні Приозерск қаласындағы жылу қазандықтарында апат болып, соның салдарынан қала тұрғындары жылусы қалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны