03.04.2007, 09:44 1444

Прокуратура "Алматыжерге" қатысты шағымын кері қайтарып алды; әзірге бұл әрекеттері туралы ешқандай түсінік берген жоқ - телеарна

АЛМАТЫ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Алматы прокуратурасы "Алматыжер" мекемесінің қызметіне қатысты әкімнің қаулысын жарамсыз деп тану туралы шағымын кері қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сот процессі кеше сағат 16 басталуы тиіс еді. Алайда, арнаулы ауданарлық экономикалық сотқа сілтеме жасаған телеарнаның ақпаратына сәйкес, таяуда сотқа жазбаша түрде шағымнан бас тарту туралы арыз түскен.

Прокуратура бұл әрекетіне әзірге түсінік берген жоқ.

Осыған дейін хабарланғандай, қауіпсіздік Кеңесінің соңғы отырысында бас прокурор Рашид Түсіпбеков құрылыс фирмалары мен азаматтар арасындағы делдалға айналған "Алматыжер" Алматы мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметінің заңға қайшы келетіні жөнінде мәлімдеген. Оның айтуынша, құрылысшы компания жекеменшік иесімен өтелетін шығын көлемі туралы өзі келісімге келуі тиіс.

16 ақпанда Алматы прокуратурасы қалалық әкімшіліктің "Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру тәртібі" жөніндегі қаулысына наразылық білдірген болатын. Алайда, әкімшілік бұл наразылықты қабылдаған жоқ. 26 наурыз күні Аламаты прокуратурасы қалалық арнаулы ауданаралық экономикалық сотқа қаулы жарамсыз деп танылсын деп шағым түсірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны