02.04.2007, 18:10 3208

Прокуратура балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша айыптау базасын жеткілікті деп санайды

ШЫМКЕНТ. 2- сәуір. Kazakhstan Today. Балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша сот процессіндегі айыптау өкілдері айыптау базасын жеткілікті деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін айыптау өкілдерінің бірі агенттік тілшісімен сұхбаттасу барысында, айыпталушылардың адвокаттарының сот процессіндегі айыптау базасының жеткіліксіздігі және дәлелсіздігі туралы айтқандарымен келіспейтіндігін айтты. "Медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 116 -бабы бойынша емес (Адамның ВИЧ жұқтыру), 316-бабы бойынша (немқұрайдылық) айып тағылып отырғандығын ұмытуға болмайды. Біз "лауазымды тұлғалардың қызметке немқұрайдылықпен және салғырттықпен қарау салдарынан өздерінің міндеттерін тиісінше орындамағандықтарын" дәлелдеудеміз. Ал бұған қажетті дәлелдер жеткілікті",-деді прокуратура қызметкері.

Ол, жәбірленушілер өз сөздерінде медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін нашар атқаруға қатысты көптеген деректерді айтуда деп қосты. "Сонымен қатар, міндеттеріне немқұрайдылықпен қарауға қатысты көптеген жағдайларды анықтаған комиссия тексеруінің нәтижесі тағы бар", деді.

Прокурордың айтуынша, осы көрініс балалардың аталмыш індетті жұқтыруы дәл емдеу мекемесінде болғандығына күмән туғызбайды. "Ауруханада тек жалғыз рет жатып, ВИЧ індетін жұқтырған балалар да бар. Тергеу олардың індетті жұқтыруының басқа жолын таппай отыр",- деді прокурор.

Бұрындары хабарлағанымыздай, 19-қаңтардан бастап Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сот процессі басталған. Айыпталушылардың саны 21, олардың 18-і - медицина қызметкерлері.

Қазіргі уақытта сот жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алуды жалғастыруда. Жәбірленушілерден жауап алатын сот отырысы журналистер үшін жабық түрде өтуде.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 107 бала анықталған, олардың сегізі көз жұмған, және де аталмыш індетті 13-ана жұқтырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны