13.02.2007, 09:26 1381

Прокуратура Екібастұз мәслихатының әкімнің қылмыстық қудалануы заңсыз деп жоғары органдарға жіберген арызын қабылдамады

ПАВЛОДАР. 13 ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысының прокуроры Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының әкім Валерий Набитовскийдің қылмыстық қудалануы заңсыз деп жоғарғы органдарға шағымданған жолдауын қабыл етпеді.

Мәслихат депутаттары прокуратураның осыған дейін Екібастұз әкімі Валерий Набитовскийді қызметінен уақытша шеттету туралы шешімін қайта қарау туралы мәселе көтерген болатын. Мәслихаттың 18 қаңтардағы кезектен тыс отырысында екібастұздық депутаттар Республика президентіне, президент әкімшілігінің жетекшісіне, ҰҚК төрағасына, облыс әкімі мен облыстық соттың төрағасына әкімге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шығарылған шешімнің негізсіз екендігі туралы хат жолдамақ болған.

Депуттаттардың басым бөлігінің пікірінше, құқық қорғау органдарының жеткілікті дәлелдері болмаса да, олар В.Набитковскийді қылмыстық қудалауға кіріскен. Депутаттар келтірілген айыптаулардың ешбір негізі жоқ деп, әкімді арашалап алмақ болған еді.

"Набитковскийге қарсы екі кәсіпкер құқық бұзушылыққа барды деп арыз жазады. Сол кезден бастап бес ай аралығында, сайлау компаниясынан бүгінге дейін құқық қорғау органдары көптеген тексерулер жүргізеді. Алайда олардың барлығында әкімге қарсы құжаттар табылмайды. Дегенмен, қаржы полициясы органдары жер телімін жеке меншік тұрғын үйге пайдаланған деген айыппен әкімнің үстінен қылмыстық іс қозғаған"-деп көрсетілген жолдауда.

Павлодар облысының прокуроры Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттардың бұл жолдауына қарсылық білдірді. 8 ақпанда прокурордың қарсылығы мәслихаттың кезектен тыс отырысында қарастырылды. Депутаттар онымен келісіп, осыған дейін қабылдаған шешімдерінен бас тартты.

"ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" РҚ заңына сәйкес Екібастұздың қалалық мәслихат депуттатарының ондай өкілеттігі болмаған",-деп кеше Павлодар облысы прокуратурасы таратқан баспасөз хабарламасында атап көрсетілген. "Құқық қорғау органдарының әрекеттерін қайта қарастыру реті Қылмыстық-процессуалдық кодексте нақты көрсетелген. Осыған сәйкес қандай да бір азамат немесе лауазымды тұлға болсын бұл тәріздес арыздарды прокурорға жолдауға немесе сотқа шағымдануға құқықты",-деп облыстық прокуратурада анықтама берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны