20.06.2007, 16:55 2817

Прокуратура "Караван" газетіне қатысты шағымын қайтарып алды

АЛМАТЫ. 20 - маусым. Kazakhstan Today. Бостандық ауданының прокуратурасы "Караван" газетіне қатысты шағымын қайтарып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Алма-Медиа" баспа үйінің аға заң жөніндегі кеңесшісі Светлана Шамычкова хабарлады.

Оның айтуынша, бүгін арнаулы ауданаралық экономикалық сотында Бостандық аудандық прокурорының "Алма-Медиа" баспа үйіне газет шығаруды 3 айға тоқтату туралы шағымы бойынша соңғы тыңдалым өтуге тиіс болған. "Бірақ, істі қарауды бастағанға дейін прокурор өзінің шағымын кері қайтарып алғандығы туралы мәлім етті, ол өзінің бұл іс-әрекетін қосымша тексеру жүргізу қажеттігімен дәлелдеді",- деп атап өтті Светлана Шамычкова.

Заң жөніндегі кеңесші, "бүгінде "Алма-Медиа" баспа үйі газетінің жұмысына қатысты ешқандай шектеу шаралары жоқ" екендігін атап көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2007-жылдың 24-мамырында Бостандық ауданының прокуроры Алматының экономикалық сотына "Караван" газетін шығаруды үш ай мерзімге тоқтата тұру туралы шағым берген болатын. Сол күні сот прокурордың шағымды қамтамасыз етуге қатысты шаралар туралы арызын қанағаттандырып, кезекті нөмірінің шығуы қарсаңында "Караван" газетін шығаруға тыйым салған. "Караван" газеті алдын ала тергеу мен басқа да заңмен қаралатын құпия мәліметтерді жариялағандығы аталмыш газетті шығаруды тоқтатуға негіз болған. Бірақ "Караван" газеті сотқа "Нұрбанкке" байланысты қылмыстық іске қатысты тергеу деректерін жарияламауға кепілдік бере отырып, апталықты шығаруға салынған тыйымды алып тастауды өтінген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны