10.09.2007, 13:47 2046

"Протон" сынықтары құлаған жерлерде гептилдің шектеулі мүмкін концентрациясы нормадан негізінен артқан жоқ - ҚР төтенше жағдайлар министрі

"Протон" сынықтары құлаған жерлерде гептилдің шектеулі мүмкін концентрациясы нормадан негізінен артқан жоқ. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов хабарлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. "Протон" сынықтары құлаған жерлерде гептилдің шектеулі мүмкін концентрациясы нормадан негізінен артқан жоқ. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов хабарлады.

"Бізге кеше келіп түскен талдау мәліметтеріне сәйкес, Қарағанды облысы, Жезқазған өңірінде судан алынған сынамаларда бірде-бір су қоймасында шектеулі мүмкін концентрацияның нормадан артуы тіркелген жоқ", -деді ол. Министрдің айтуынша, өсімдік әлеміне қатысты зерттеулер нәтижесі "бүгін-ертең шығарылады".

"Ал топырақ бойынша, зымыранның екінші сатысы құлаған тұста, ең үлкен шұңқыр түзілген жерде шектеулі мүмкін концентрация артқан жоқ, ол жерде гептил толық жанып кеткен. Ал үдеткіш блок пен үшінші сатының бөлшектері құлаған жерде гептилдің шектеулі мүмкін концентрациясының (ШМК) жекелеген жағдайларда нормадан 1000-1100 есе артуы байқалған, бірақ зымыран құлаған жерден 50 метр қашықтықта ШМК артқан жоқ", - деді В. Храпунов.

"Бүгін Ресей жағы топырақтың бұл бөлігін детоксикациялауға кірісті. Біз ертең алатын топырақ, өсімдік және су сынамаларын зерттеу қорытындысы бойынша комиссияның отырысында тиісті шешім қабылдаймыз", - деді министр.


"Бізге кеше келіп түскен талдау мәліметтеріне сәйкес, Қарағанды облысы, Жезқазған өңірінде судан алынған сынамаларда бірде-бір су қоймасында шектеулі мүмкін концентрацияның нормадан артуы тіркелген жоқ", -деді ол. Министрдің айтуынша, өсімдік әлеміне қатысты зерттеулер нәтижесі "бүгін-ертең шығарылады".

"Ал топырақ бойынша, зымыранның екінші сатысы құлаған тұста, ең үлкен шұңқыр түзілген жерде шектеулі мүмкін концентрация артқан жоқ, ол жерде гептил толық жанып кеткен. Ал үдеткіш блок пен үшінші сатының бөлшектері құлаған жерде гептилдің шектеулі мүмкін концентрациясының (ШМК) жекелеген жағдайларда нормадан 1000-1100 есе артуы байқалған, бірақ зымыран құлаған жерден 50 метр қашықтықта ШМК артқан жоқ", - деді В. Храпунов.

"Бүгін Ресей жағы топырақтың бұл бөлігін дезоксикациялауға кірісті. Біз ертең алатын топырақ, өсімдік және су сынамаларын зерттеу қорытындысы бойынша комиссияның отырысында тиісті шешім қабылдаймыз", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны