28.09.2007, 14:19 3008

"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары аяқталды

"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары аяқталды

Астана. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 27-қыркүйектегі жағдаймен жұмыстардың 85 пайызы атқарылған.

Атап айтқанда, мекеменің ақпараттарына сүйенсек, 26-қыркүйектің 17.30 "Бриз-М" үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен "Протон-М" ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде топырақты қайтадан зарарсыздандыру шараларын аяқталды".

Сонымен қатар, "үдеткіш болк құлаған жерде топырақты қайтадан (үшінші) зарарсыздандыру шаралары басталып, аяқталған". Қазіргі уақытта, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, екінші саты құлаған жерде рекультивациялық шаралары жалғасуда. Сынамалар алу 30-қыркүйекке жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны