21.09.2007, 10:59 1211

"Протон-М" зымыраны құлаған екі жерде детоксикациялық шаралар аяқталды

"Протон-М" зымыраны құлаған екі жерде детоксикациялық шаралар аяқталды.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" -"Протон-М" зымыраны құлаған екі жерде детоксикациялық шаралар аяқталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Министрлік ақпаратына сәйкес, Бриз-М үдеткіш блогының бас бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі отсегі құлаған ауданда детоксикациялық шаралар аяқталып, үдеткіш блок құлаған жерде детоксикациялық шаралар қайтадан жүргізілді.

Сонымен бірге, ТЖМ ақпаратына сәйкес, зымыран тасығыштың екінші сатысы құлаған жерде бірлесе сынама алу шарасы 21 қыркүйекке жоспарланған. Ал 23 қыркүйекте Бриз-М үдеткіш блогының бас бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі отсегі құлаған ауданда және үдеткіш блоктың өзі құлаған жерде қайталап сынама алу межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны