06.09.2007, 15:32 3145

"Протон-М" зымыран-тасығыштарының құлауы жүйелі сипатқа көшті - қоршаған ортаны қорғау вице-министрі (толықтырылған нұсқа)

"Соңғы он жылда аса күрделі 6 апат болды. Мұны біз бірлі-жарым ғана оқиға деп санамаймыз. Бұл әлдебір жүйелілікке ұқсап барады", - деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Зейнолла Сәрсенбаев.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан зымыран-тасығыштың құлауын бірлі-жарым ғана көрініс беретін оқиға деп санамайды.

"Соңғы он жылда аса күрделі 6 апат болды. Мұны біз бірлі-жарым ғана оқиға деп санамаймыз. Бұл әлдебір жүйелілікке ұқсап барады", - деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Зейнолла Сәрсенбаев.

"Қазіргі бар келісімдерге сәйкес , біз ғарыш айлағын жалға алып отырған Ресей жағына қойылатын қоршаған ортаны қорғауға қатысты талаптарды күшейте түсетін боламыз", - деді ол.

Өз кезегінде ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Наурызбай Қадыркеев апаттың "жабайы хайуанаттар әлемінің ахуалына тигізетін әсеріне қатысты қауіп туындап отыр", деп мәлімдеді. "Біз үшін ең үлкен қауіп - жабайы хайуанаттар әлеміне келген шығынды есептеудің қиындығында. Егер басқа барлық көрсеткіштерді біз комиссияның жұмысы барысында оқиға орнында бағалай алатын болсақ, ал жабайы хайуанаттар әлеміне қатысты бұл жайтты анықтау қиын", -деді ол.

Н. Қадыркеевтің түсіндіруінше, хайуанаттар әлемі ұдайы көшіп қонып жүретіндіктен, апаттың залал-зардаптары жарты жылда, бір немесе бір жарым жылда әрең көрініс беруі мүмкін. "Хайуанаттар әлемін қорғау және оларды қалпына келтіру бағытында қыруар еңбек тындыра отырып, аталған жағдайда оған келген шығынды есептей алмаймыз", -деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны