12.09.2007, 15:06 2827

"Протонның" екінші сатысы құлаған аймақтағы гептил мөлшері шектеулі мөлшерден 1,13 - 7,1 есеге артық - комиссия

"Протонның" екінші сатысы құлаған аймақтағы гептил мөлшері шектеулі мөлшерден 1,13 - 7,1 есеге артық.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. "Протон-М" зымыран тасығышының екінші сатысы құлаған аймақтағы гептил мөлшері шектеулі шамадан 1,13 - 7,1 есеге артық, деп хабарлады республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінен апат салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның аралық есебіне сілтеме жасай отырып.

"Инфракос-Экос" мемлекеттік кәсіпорынының зертханалық зерттеулерінің хаттамасы алынды, онда "Протон-М" зымыран тасығышының екінші сатысы құлаған аймақтағы топырақтың үш сынамасында мөлшердің шектеулі шамадан 1,13-7,1 дейін арта ластанғандығы белгілі болды",- делінген ТЖМ баспасөз баянында.

Қазіргі уақытта құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Ауылшаруашылық министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің өкілдері бар жұмыс тобы "ластанған топырақты детоксикациялаудың уақытша технологиялық регламентін қолдану мүмкіндігі жөніндегі қорытындысы берілді" деп көрсетілген мәтінде.

6-қыркүйек күні түнде Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек,

"Протон-М" зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған.

"Протон-М" - Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасының аясында пайдаланылатын ауыр зымыран-тасығыш. Зымыранды М. Хруничев атындағы орталық жасап шығарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны