15.02.2012, 09:34 3822

Пугачева мен Галкин балалы болуды жоспарлап отыр

Ең атақты ресейлік жұптың үйленгеніне небәрі 1,5 ай өтті, дегенмен олар ұрпақтарын жалғастыруды ойлап отыр.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Пугачева мен Галкин балалы болуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алла Пугачева мен Максим Галкин өздерінің болашақ балаларына есім таңдап та қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ең атақты ресейлік жұптың үйленгеніне небәрі 1,5 ай өтті, дегенмен олар ұрпақтарын жалғастыруды ойлап отыр.

Аяқ астынан үйленуге бел буған Примадонна мен пародистің бұл шешімі күтпеген жағдай болған еді. Олар 10 жылдан астам уақыт бойы бірге тұрып келеді. Отау көтерген жұптың жақын досы Владимир Винокур жуырда таңқаларлық жаңалықты жариялады. Примадонна өзінің 62 жасына қарамастан ана болуды қалап отыр. Ол суррогат ананың көмегіне жүгінбек. Винокуровтың сөзіне қарағанда, болашақ баласын Владимир деп атамақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны