22.04.2008, 19:13 3434

Путин суворовшылар мектебінде қыздардың оқуына рұқсат берді

Путин суворовшылар мектебінде қыздардың оқуына рұқсат берді

Мәскеу. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - РФ президенті Владимир Путин бүгін әскери суворовшылар, әскери теңізшілерді дайындайтын нахимовшылар мектебі, әскери-музыкалық училищелер мен кадет корпустарында қыздардың да оқуына құқық беру жөніндегі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өзгеріс әскерилер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге, соның ішінде қаза тапқан әскерилердің қыздарын, сондай-ақ, шалғай гарнизондарда әскери қызметін өтеп жатқан және өтеген әскерилердің қыздарын оқыту мен тәрбиелеу тұрғысынан әскерилер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны