31.03.2016, 15:47 7027

Qazaq Air Алматы-Қызылорда бағытында жаӊа рейс ашады

"Qazaq Air" әуе компаниясы жазғы навигация кестесіне көшуіне байланысты 2016 жылдыӊ 9 сәуірінен бастап Алматы - Қызылорда бағытында жаӊа тұрақты рейсін ашады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - "Qazaq Air" әуе компаниясы жазғы навигация кестесіне көшуіне байланысты 2016 жылдыӊ 9 сәуірінен бастап Алматы - Қызылорда бағытында жаӊа тұрақты рейсін ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы мен Қызылорда облысыныӊ орталығын байланыстыратын жаӊа рейс аптасына екі мәрте, сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Сонымен қатар, әуе компаниясы Қызылорда бағытындағы рейстердіӊ санын болашақта ұлғайтуды жоспарлап отыр. Барлық рейстер заманауи, ыӊғайлы, әрі өзін қысқы навигация кезінде жақсы қырынан танытқан Bombardier Q400NextGen ұшағында орындалады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Алматы және Қызылорда қалалары арасында бір бағыттағы билеттіӊ құны 12 497 теӊгеден басталады. Ал ұшу уақыты 1 сағат 45 минут.

"Иуе компаниясыныӊ жаӊа бағдар бойынша тұрақты рейсініӊ ашылуы аймақтағы әуе тасымалыныӊ дамуына өз үлесін қосады деп үміттенеміз", - дейді "Qazaq Air" АҚ Коммерциялық директоры Адель Дәулетбек.

Алматы - Қызылорда рейсі әуе компаниясыныӊ барғдарлар желісін толықтыра түседі. Бүгінгі таӊда Qazaq Air әуе компаниясы Алматыдан Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар және Талдықорған қалаларына рейстер жасайды.

Qazaq Air билеттерін flyqazaq.com сайтында немесе компанияныӊ сату офистерінде брондауға және сатып алуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны