04.09.2020, 20:52 8146

QAZAQ AIR Алматы - Қызылорда жаңа рейсін ашты

Жаңа әуе бағыты бойынша аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайтын болады. Билет бағасы 15 029 теңгеден басталады.

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - QAZAQ AIR Қазақстанда ішкі рейстердің көбейе түскенін хабарлайды. 9 қыркүйектен бастап Алматы - Қызылорда әуе қатынасы ашылады.

Жаңа әуе бағыты бойынша аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайтын болады. Билет бағасы 15 029 теңгеден басталады. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік. Билеттер сатылымда.

Дүйсенбі күндері:

Алматы (15:25) - Қызылорда (16:10)

Қызылорда (12:00) - Алматы (14:40)

Сәрсенбі күндері:

Алматы (14:55) - Қызылорда (15:45)

Қызылорда (11:40) - Алматы (14:15)

Сенбі күндері:

Алматы (13:40) - Қызылорда (14:40)

Қызылорда (10:10) - Алматы (13:00)

Әуекомпания Қазақстан ішіндегі бағыттарды көбірек қамтуға тырысады. Осылайша, қазақстандықтар еліміздің өңірлері арасында ыңғайлы және қол жетімді бағамен саяхаттай алады.

Рейстің қазіргі талаптары - маска режимі, әлеуметтік қашықтық және әуежайда температураны тексеру.

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан брондаңыздар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны