28.01.2021, 18:48 9859

QazCovid-in отандық вакцинасының тәжірибелік партиясын Алматы маңындағы ҒӨК шығарады

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты базасында QazCovid-in вакцинасының тәжірибелік партиясы және "Антиген" ҒӨК" ЖШС өндірістік алаңында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиясы шығарылады.
Нұр-Сұлтан. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты базасында QazCovid-in вакцинасының тәжірибелік партиясын және "Антиген" ҒӨК" ЖШС өндірістік алаңында тәжірибелік-өнеркәсіптік партияны шығаруды қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). "Спутник V" вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықты "Спутник V-мен" жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады", - деп еске салады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

 
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы барысында Премьер-Министр әкімдіктерге вакцинаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуды аяқтап, егу пункттерінің толық дайындығын биылғы 1 ақпанға дейін қамтамасыз етуді тапсырды.
 
Ақпарат министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, вакциналау мәселелеріне қатысты арандату және жалған ақпарат тарату фактілерін уақытылы тоқтату тапсырылды.
 
Үкімет басшысы эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше бақылау жасау қажеттігін атап өтті. 
 

Вакцина өндірісін қамтамасыз ету және халықты жаппай вакциналауды өткізу денсаулық сақтау саласындағы Үкіметтің бүгінгі күнгі негізгі міндеті", — деді А. Мамин.

 
Бұған дейін хабарланғандай, бірінші кезеңде отандық вакцинаның 2 млн дозасын өндіру жоспарланған.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР-дағы ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен - республика "жоғары қауіпті аймаққа" кірді, "қызыл аймақта" 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Күн сайын 1,5 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі, репродуктивті көрсеткіш - 1,14. Инфекциялық төсектердің жүктемесі - 31%, ал реанимациялық төсектердің - 20%.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны