02.02.2021, 18:27 8757

QR-кодтарда қазақстандықтардың иммундық статусы және вакцинация туралы ақпарат болады

Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың жеке иммундық статусы туралы ақпараты бар QR-кодтардың енгізілгенін хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, отандық мобильді қосымшаға жеке иммундық статусы туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізумен толықтыру үшін e-govMobail мобильді қосымшасын іске қосу жоспарланған. E-govMobail AShYK медициналық қосымшасымен біріктіріледі. Онда медициналық ақпараттық жүйелерден алынған азаматтар бойынша, оның ішінде QR код арқылы тексеруге ұсыну үшін КВИ-ға қарсы вакцинациядан өткені туралы деректер де жинақталатын болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Президент Үкіметке "Атамекен" Ұлттық палатасымен бірлесіп бір ай мерзімде эпидемияға қарсы шараларға теңгерімді көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында иммундық статусы туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны