01.10.2021, 18:03 16013

ҚР 1 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустың 2 096 жаңа жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАЗАН - 2021 жылғы 30 қыркүйекке 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 886 982 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 096 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 284; 
 
Алматы қаласында – 498; 
 
Шымкент қаласында – 79; 
 
Ақмола облысында – 50; 
 
Ақтөбе облысында – 97; 
 
Алматы облысында – 233; 
 
Атырау облысында – 68; 
 
ШҚО-да – 124; 
 
Жамбыл облысында – 53; 
 
БҚО-да – 57; 
 
Қарағанды облысында – 120; 
 
Қостанай облысында – 108; 
 
Қызылорда облысында – 56; 
 
Маңғыстау облысында – 19; 
 
Павлодар облысында – 130; 
 
СҚО-да – 70; 
 
Түркістан облысында - 50.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 661 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 823 453 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 қазанға КВИ-ден 60 657 адам (52 309 КВИ+ және 8 348 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 10 210 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 50 447 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 805 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 221 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 139 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 220 өлім жағдайы тіркелген. 29 қыркүйек күні КВИ-ден 42 адам қайтыс болды. 
 
29 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 168 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды және 253 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 75 860, өлім – 4 835, сауыққандар – 62 677. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 30 қыркүйекке I компонентпен 7 654 566 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 593 598 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар облысы. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны