06.10.2021, 11:30 48850

ҚР 6 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустың 1 828 жаңа жағдайы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАЗАН - 2021 жылғы 5 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 896 162 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 828 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 290; 
 
Алматы қаласында – 419; 
 
Шымкент қаласында – 73; 
 
Ақмола облысында – 56; 
 
Ақтөбе облысында – 70; 
 
Алматы облысында – 145; 
 
Атырау облысында – 46; 
 
ШҚО-да – 87; 
 
Жамбыл облысында – 43; 
 
БҚО-да – 51; 
 
Қарағанды облысында – 169; 
 
Қостанай облысында – 101; 
 
Қызылорда облысында – 32; 
 
Маңғыстау облысында – 6; 
 
Павлодар облысында – 120; 
 
СҚО-да – 98; 
 
Түркістан облысында - 22.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 307 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 835 805 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
6 қазанға КВИ-ден 56 708 адам (48 968 КВИ+ және 7 740 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 9 551 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 47 157 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 748 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 202 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 125 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 5 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 389 өлім жағдайы тіркелген. 4 қазан күні КВИ-ден 39 адам қайтыс болды. 
 
4 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 235 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды және 385 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 76 517, өлім – 4 875, сауыққандар – 63 902. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 5 қазанға I компонентпен 7 766 146 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 756 266 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны