06.06.2019, 20:25 10202

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға ҚР Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айып тағылған

Сот санкциясымен Білім және ғылым вице-министріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда.

Нұр-Сұлтан. 6 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның үстінен бірнеше факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сот санкциясымен Білім және ғылым вице-министріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып сот тарапынан шығарылады", - деді Жанна Бастарова.

Оның дерегінше, Эльмира Суханбердиеваға ҚР Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айып тағылған.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның 2 айға қамауға алынғанын растаған болатын. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталғандығын хабарлаған еді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны