02.07.2020, 19:52 6076

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған пациенттерді емдеуге арналған клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясын әзірледі

"Клиникалық хаттамаға сәйкес, COVID-19 негізгі терапиясы симптомдарды жоюға бағытталған симптоматикалық терапия ретінде бекітілді: қызба, жөтел, ентігу, интоксикацияны тоқтату көзделген. Симптоматикалық терапия аясында адамның дене қызуын түсіретін препараттар пайдаланылады", - деді Л.Бюрабекова.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған пациенттерді емдеуге арналған клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясын әзірледі.

Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық және отандық тәжірибеге сүйене отырып "COVID-19 Коронавирус инфекциясын" диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасының 10-шы редакциясын әзірледі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өтен "COVID - 19 диагностикалау көлемін ұлғайту. Халық арасында сұраныстың өсуіне байланысты дәрі-дәрмек пен жеке қорғану құралдарын жеткізу" тақырыбында өткен брифингте мәлімдеді.

"Клиникалық хаттамаға сәйкес, COVID-19 негізгі терапиясы симптомдарды жоюға бағытталған симптоматикалық терапия ретінде бекітілді: қызба, жөтел, ентігу, интоксикацияны тоқтату көзделген. Симптоматикалық терапия аясында адамның дене қызуын түсіретін препараттар пайдаланылады", - деді Л.Бюрабекова.

COVID-19 емдеу әдісінің дәлелденген базасы шектеулі, сондықтан этиотропты препараттар мен медициналық араласу қатаң тәртіппен (off - label) қолданылады, яғни, алдымен пациент хабардар етіледі, науқас келісімге қол қойған жағдайда ғана оны пайдалануға болады. Этиотропты препараттар вирустың күшін төмендету үшін тағайындалады, сондықтан терапиялық терезе шеңберінде бұл емді ерте бастау өте маңызды (клиникалық көріністердің басынан бастап өкпеде кең таралған процестің дамуына дейін алғашқы 72 сағатта).

Амбулаториялық деңгейде аурудың симптомсыз және жеңіл түрінде этиотропты терапия қолданылмайды.

Өте ауыр/қатерлі жағдайда этиотропты препараттарды тағайындау аурудың нәтижесіне әсер етпейді, бұл ретте дертті асқындырмау өте маңызды.

COVID-19 жұқтырған пациенттің екі немесе одан да көп созылмалы аурулары болса (коморбидтік емделушілер) этиотропты емді тағайындағанда дәрілердің өзара әрекеттесуін ескере отырып, препараттарды мұқият іріктеуді талап етеді.

COVID-19 әсер ететін этиотропты терапия үшін негізгі препараттар клиникалық хаттамаға енгізілген:

1)Лопинавир/Ритонавир,

2) Хлорохин немесе Гидроксихлорохин,

3) Ремдесивир

4) Фавипиравир

Комбинациялары да болуы мүмкін

Бұдан басқа, қазір Covid-19 жұқтырған орташа ауыр жағдайдағы адамдарға инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылғанға дейін этиотропты емдеуді тағайындауға болады және емдеу схемасына Гидроксихлорохин және Лопинавир/ритонавир сияқты препараттарды амбулаториялық деңгейде енгізуді көздейді.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда ҚР ДСМ сапа жөніндегі біріккен комиссиясы КВИ бар пациенттерді амбулаториялық емдеу үшін 4 құжатты мақұлдады:

- пациенттерге арналған жадынама;

- пациенттердің өзін-өзі басқаруына арналған чек-парақ;

- дәрілік терапия бойынша ұсынымдарды және стационарға ауыстыру критерийлерін қамтитын дәрігерге арналған жадынама;

- стационардан ерте шығару критерийлері және оларды амбулаторлық деңгейде жүргізу бойынша ұсыныстар (төменде құжаттарға сілтемелер келтірілген).

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/algoritm-vedeniya-pacientov-s-covid-19-v-ambulatornyh-usloviyah-odobren-komissiey-okk?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/45802?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/45800?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/45798?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/45799?lang=ru

Анықтама: ҚР-да барлығы 41 065 симптомсыз және COVID-19 симптомды жағдай тіркелген. Тәулік ішінде 1 604 оқиға тіркелді.

13 558 науқас сауығып, бір тәулік ішінде 550 науқас үйіне шықты. Ал 188 науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Бүгінгі таңда 27 319 науқас емделуде, оның ішінде 249-ы бала. Стационарда - 11 242, амбулаторлық БАҚЫЛАУДА-16 077 ем алады.

Өткен тәулікте елімізде 489 жаңа оқиға тіркелді, өсім 2,2% құрады.

Ең көп жаңа жағдай тіркелген:

- Алматы қаласында- 86 (2,3%);

- Нұр-Сұлтан қаласында -56 (1,5%);

Ең жоғары өсім байқалады:

- ШҚО-52 (6,6%);

- Павлодар облысында - 43 (5,8%).

Өткен тәулікте тіркелген симптомсыз жағдайлар -1 115, өсім-6,0%

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны