06.02.2020, 14:40 6494

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: масканы тек ЖРВИ белгілері болған жағдайда ғана кию қажет

Масканы тек ЖРВИ белгілері болған жағдайда ғана кию қажет

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:

- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- науқас адамдармен байланыста болмауға;

- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет:

- масканы тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет;

- коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі sмs -хабарламалар түрінде әрі қарай тарату үшін короновирустық инфекцияның алдын-алу туралы мәтін дайындады.

Өкінішке орай, ұялы байланыс операторлары қазіргі жағдайда, яғни короновирустық инфекцияның алдын-алу туралы sмs-хабарламаларды жіберуден бас тартып отыр.Айта кету керек, бұл мәселе - барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны