03.07.2020, 21:46 3467

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: мобильді бригадалар тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді

Мобильді бригадалардың қызметіне әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржы төлейді. Емханаларға әр шақыру үшін 5 400 теңгеден беріледі.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: мобильді бригадалар тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.

Бұл халыққа тегін көрсетілетін жедел жәрдемнің жаңа түрі. Қоңырау шалған әрбір адамға көрсетілген медициналық қызмет құны ӘМСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) қаржыдан төленеді. Covid-19 жұқтырған адаммен байланыста болған науқастар мен симптомдары бар пациенттерден ПТР-тест алады.

Айта кету керек, емхана жанындағы мобильді бригадалар COVID -19 симптомы бар және пневмония анықталған пациенттерді, сондай-ақ стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшін құрылады. Сонымен қатар, медициналық көмекті барынша қол жетімді етуге және стационардағы емнен кейінгі асқынулардың алдын алуға арналған.

Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдері бойынша патронаж жасайды.

Мобильді бригадалардың қызметіне әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржы төлейді. Емханаларға әр шақыру үшін 5 400 теңгеден беріледі.

Бұдан басқа, мобильді бригада қызметкерлері қажетті көмек пен кеңес беру үшін жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны