14.10.2020, 21:56 9776

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетін А.Есмағамбетова басқарады

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист-дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетін А.Есмағамбетова басқарады.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист-дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған. 1997-2004 жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялықстанцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2004-2014 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазым атқарған.

2014 жылы ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі Эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болды.

2014-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы. 2017 жылы ҚР ДСМ Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2017-2020 жылдары ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 жылғы 23 маусымнан бастап бүгінге уақытқа дейін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны