01.05.2020, 10:58 22613

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін, АҚШ-та Тюлэйн университетін тәмамдаған.

Алматы. 1 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды.

ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін, АҚШ-та Тюлэйн университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласындағы №1 қалыпты анатомия кафедрасының лаборанты болып бастаған.

2010 жылы "Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы" АҚ-да жұмыс істеген.

2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін "Ұлттық медицина холдингі" АҚ-да Инновациялар және технологиялар трансферті департаментінде менеджер, бас менеджер және директор болып еңбек еткен.

2013 жылдан 2014 жылға дейін "Медициналық технологиялар мен ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ президенті болды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін "Медикер" ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016-2018 жж. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрылымында түрлі қызметтерді атқарды.

2018 жылдан қазірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны