13.05.2019, 17:57 9358

ҚР Омбудсмені БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жағдайында адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысымен кездесті

Кездесу барысында Қазақстандағы адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқық қорғау саласындағы мемлекеттің міндеттемелерін жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның осы бағыттағы өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. Kazakhstan Today -ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жағдайында адам құқықтарын көтермелеу және қорғау мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашысы Ф. Ни Аолаинмен оның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқық қорғау саласындағы мемлекеттің міндеттемелерін жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның осы бағыттағы өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Тараптар экстремизмнің барлық көріністерінде таралуына ықпал ететін факторлар туралы және осы құбылыстың алдын алу ретінде адам құқықтарын қамтамасыз ету туралы пікір алмасты.

Омбудсмен халықаралық сарапшыны ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері туралы, елде жүргізіліп жатқан жан-жақты өзгерістер аясында елдің мемлекеттік-құқықтық жүйесіндегі оның рөлі мен орны туралы хабардар етті.

Ф. Ни Аолаин Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы тетіктерді жетілдіруді, оның ішінде халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы Жалпыға ортақ Конвенцияны қабылдаудағы қолдауының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Омбудсменнің БҰҰ-ның мамандандырылған құрылымдарымен нақты құқық қорғау бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастығын жалғастыру қажеттігі туралы жалпы пікір айтылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны