12.11.2019, 16:22 16117

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 9 адамға 1 млн 416,4 мың теңге көлемінде сыйақы берді

Сондай-ақ, азаматтардың сенім деңгейін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу аясында Департамент 9 адамға 1 млн 416,4 мың теңге көлемінде сыйақы берді.

Нұр-Сұлтан. 12 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 7 қараша күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) тергеу жұмысының 9 ай қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Есепті кезеңде Агенттіктің алға қойған міндеттерін басшылыққа ала отырып, Департамент тергеу бағыты бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Осы орайда Департаменттің тергеу басқармасының басшысы Бауыржан Баймұрза сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстың тиімділігі 2 есеге артып, пара алу мен бюджет қаражатын ұрлау сияқты сыбайлас жемқорлық схемалары орын алып, Департаментпен 6 дерек анықталын, олар бойынша белгіленген және өтелген шығын 1,2 млрд. теңгені құрағанын айтып өтті.

Мысалы, автожол саласында облыстың квазимемлекеттік сектордың екі басшысы яғни "КазАвтоЖол" ҰК АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры және оның орынбасары ұйымдастылған қылмыстық схеманың жолы кесілді. Атап айтқанда, орындалмаған актілерге қол қою және шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушінің мүддесін қолдау, сондай - ақ автожол құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру деректері парақорлықтың негізі болып табылды.

Қазіргі таңда жүргізілген талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Жүргізілген талдау нәтижесінде жер қатынастары, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары бойынша қылмыс жолдары кесілді.

Сондай-ақ, азаматтардың сенім деңгейін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу аясында Департамент 9 адамға 1 млн 416,4 мың теңге көлемінде сыйақы берді.

Сонымен қатар, Департаменттің тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицеріАнар Маңқатаева бүгінгі таңда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша Департаментке 633 өтініш келіп түссе, өткен жылдың 9 ай қорытындысында 587 өтініш келіп түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда азаматтардың біздің органға сенімінің артқандығы байқалады.

Агенттіктің халықпен тығыз өзара байланыс орнату мақсатында құрылған Call-орталығына (1424) 26 өтініш келіп түсіп, оның 2 бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда, барлық азаматтар 1424 нөмірі бойынша Call- орталыққа хабарласа алады және ол жөнінде құпиялық қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны