18.11.2019, 18:47 19565

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аймақаралық байланыс инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергеніне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аймақаралық байланыс инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді.

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша аймақаралық байланыс инспекциясы" басшысының міндетін атқарушыға қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, жұбайының атына тіркелген байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын "Ғасыр Қазсвязь" ЖШС-ін басқаруға қатысып, осы ЖШС-ға артықшылықтар мен қамқорлық көрсеткен.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергеніне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны