02.07.2013, 16:09 14541

Радикалды ағымдардың мүшелері сотталды

Біріккен араб әмірліктерінің Федералды жоғарғы соты бүгін 64 діни ағым мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырды. Оларға мемлекетке қастандық жасады деген айып тағылған.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Радикалды ағымдардың мүшелері сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Біріккен араб әмірліктерінің Федералды жоғарғы соты бүгін 64 діни ағым мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырды. Оларға мемлекетке қастандық жасады деген айып тағылған. Жалпы, сот ісі бойынша "Ил-Ислах" радикалды тобының 94 мүшесі жауапқа тартылды. Бұл ұйым "Мұсылман бауырлар" қозғалысымен қоян-қолтық жұмыс істейдің екен. Ал "Мұсылман бауырлар" ұйымының БАИ-де әрекет етуіне заңмен тыйым салынған. 8 адам 15 жылға, қалған 56 айыпталушы 3-тен 10 жылға дейін түрмеде отыру жазасына кесілді. 26 эмираттық ақталып шыққан. Олардың барлығы өткен жылдың шілде айында экстремизмге қатысы бар деген күдік бойынша қамауға алынған болатын.

Жергілікті сарапшылардың айтуынша, биліктің бұл шарасы аймақтағы "Араб көктемінің" әсерінен күшейіп келе жатқан радикалды көріністер Біріккен араб әмірліктеріндегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін деген қауіптен туындаған. Соңғы бір жылдың ішінде БАИ құқыққорғаушылары "Мұсылман бауырлар" ұйымымен байланысы бар ондаған адамды тұтқындаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны