16.07.2007, 18:56 2201

Рахат Илиев Австрия өкіметі оған тағылған "заңсыз ақшаны ақтады" деген айыпты алып тастады деп мәлімдеді

АЛМАТЫ. 16-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанның Австриядвғы бұрынғы елшісі Рахат Илиев Австрия өкіметі "заңсыз ақшаны ақтады" деген айыппен өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі kaztoday.com. сайтына сілтеме жасап.

"11-шілдеде Вена қаласының жер жөніндегі соты "заңсыз ақшаны ақтады" деген айыппен маған қатысты қозғалған қылмыстық істі жапты", - деп мәлімдеді Р. Илиев осы сайтқа берген сұхбатында. "Сөйтіп, - дейді бұрынғы дипломат, - мен жүргізіп отырған бизнестің заңдылығы мен ашықтығын, менің қаржыны заңды жолмен тапқандығымды Австрияның әділетті соты ресми түрде растады".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны