09.02.2007, 18:44 2679

Рахат Илиев Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды

АСТАНА. 9-ақпан.Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Рахат Мұхтарұлы Илиев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рахат Мұхтарұлы Илиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

"Сыртқы саясат саласындағы біздің басты мақсатымыз - еліміздің 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болуға өтініш білдіруі болмақ... Осы мақсатты жүзеге асыру үшін президент мені Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымындағы төтенше және өкілетті елшісі ретінде жіберуде",- деді агенттікке берген сұхбатында Р.Илиев. "Мен елді де, ұйымды да жақсы білемін, сол себепті біз табысқа жетеміз деп сенемін",- деді ол.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін Дулат Қуанышев атқарған.

Елбасының өкімімен басқа қызметке ауысуына байланысты Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы, Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны