24.11.2006, 13:53 2901

Райымбек Баталов елімізге рулі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салу мерзімін қайта қарау керек деп санайды - толықтырылған нұсқа

АЛМАТЫ. 24 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанның кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов елімізге рулі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салу мерзімін қайта қарау керек деп санайды. Бұл туралы ол "Ресей-Қазақстан. Бөлшек сауда: стратегиялар, инвестициялар, мамандар" атты форум аясында өткен брифингте сөз етті.

"Оң рульге келер болсақ, мәселенің қойылғаны дұрыс-ақ. Алайда оаның жүзеге асуы үшін білгілі уақыт пен екі жаққа да тиімды шарттар қарастырған жөн. Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі - күрделі мәселе",- деп атап өтті ол.

"Ал берілген мерзімге келер болсақ, оны сәл ұзартқан дұрыс деп ойлаймын",-дейді Р.Баталов.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда оң рульды автомашиналарды әкелуге тыйым салу және қолданыстан мүлде шығару туралы қарашаның 13-інде республиканың Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде жарияланған болатын.

"Мемлекет басшысы Қазақстанға рулі оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салу туралы тапсырма берді",- деді журналистерге арнап өткізілген брифингте ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов.

Ө.Түсімовтың хабарлауынша, бұған қоса, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында "үш жылдан кейін тізгіні оң жақтағы автокөліктерді пайдалануды доғару" жөнінде шешім қабылданды. "Үкіметтің шешіміне байланысты не 2009-жылдың басынан , немесе, 2010-жылдан бастап рулі оң жақтағы автокөліктерді мінуге мүлдем тыйым салынатын болады",- деді Ө.Түсімов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізде тізгіні оң жақта орналасқан 117 мың автокөлік тіркелген. Ал былтыр бұл көрсеткіш 74 мың болған.

Қазақстан үкіметі 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап оң рульды машиналарды әкелуге тыйым салу және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан мүлдем шығару туралы қаулының жобасын дайындап үлгерді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны