04.06.2018, 23:03 8409

Рамазан айында ауырғанда оныӊ асқынуына жол бермеу үшін оразаны ашуға болады - Алматы қаласыныӊ бас имамы

Ұстамаған күндерініӊ қазасын соӊынан басқа айларда сауыққанда өтейді. Қатты науқас кісініӊ: "Ауырсам да ұстай беремін", - деп шешім жасауы дұрыс емес. Себебі, денсаулық Алла Тағаланыӊ адам баласына берген аманаты, оған қиянат жасауға болмайды.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan Today - Рамазан - әрбір мүмінніӊ асыға күтетін берекемен мейірімге толы ай.

Бұл айдыӊ әрбір сәттерінде күллі әлемге Алла Тағаланыӊ рақымы үздіксіз төгіліп тұратыны ақиқат. Сол берекелі сәттерден құралақан қалмауымыз үшін шамамыз келгенше Алланыӊ парызын орындап, ораза ұстайтынымыз белгілі.

Алайда, Алла Тағала адам баласына тек қана жеӊілдік қалайтынын, ауырлық қаламайтынын естен шығармауымыз қажет. Сол үшін Алла Тағала адамныӊ түрлі жағдайлары мен күйін ескере отырып қажеттілік туындаған кездерде оразасын үзіп, кейінірек қайта өтеуіне Құранда рұқсат берді. Себебі, біздіӊ дініміз ешбір уақытта, ешкімге ауырлықты жүктемейді.

Керісінше қоғамныӊ өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасап, адамзаттыӊ өмірін жеӊілдететін дін. Оныӊ дәлелі ретінде Құран Кәрімніӊ "Бақара" сүресі, 185-аятын келтірсек: "Ал кім науқас не сапарда болса, санын басқа күндері толтырсын. Алла Тағала сендерге жеӊілдік қалайды, ауырлық қаламайды", - деп ескертті. Сондай-ақ, "Бақара" сүресі, 195-аятында: "Өз бастарыӊды қауіп-қатерге тікпеӊдер", - деп өзімізді өзіміз құрдымға кетіретін, білімсіздік кесірінен өлімге душар ететін әрекеттерден сақтанудыӊ қажет екендігін міндеттеді.

Бүгінгі таӊда қаламыздағы менингококк вирусыныӊ тіркелу оқиғалары жиілеуін және бірнеше адамныӊ осы аурудан қаза болғанын ескере отырып, егер бойымызда менингиттіӊ белгілері байқалған болса, уақыт оздырмай дереу дәрігерлерге қаралып, қажет болса оразаны ашуға шариғат рұқсат етеді.

Рамазан айында нақты ауырған кісініӊ ораза ұстауы аурудыӊ асқынуына, емніӊ кешігуіне кедергі болған жағдайда оған оразасын ашуға болады. Оразаныӊ ауру кісіге зиянды екені не өзініӊ бұрынғы тәжірибесінен, не білікті дәрігердіӊ нұсқауымен анықталуы қажет. Ұстамаған күндерініӊ қазасын соӊынан басқа айларда сауыққанда өтейді. Қатты науқас кісініӊ: "Ауырсам да ұстай беремін", - деп шешім жасауы дұрыс емес. Себебі, денсаулық Алла Тағаланыӊ адам баласына берген аманаты, оған қиянат жасауға болмайды. Біз қала тұрғындарын өз денсаулықтарын сақтауға, аманатқа қиянат етпеуге шақырамыз.

Алла Тағала елімізді түрлі ауру-сырқаулардан аман сақтасын!,- деді Еркінбек Шоқаев, Алматы қаласы Орталық мешітініӊ бас имамы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны