18.06.2015, 17:16 3477

Рейтингтік бағалау жүйесі бригада командирлері лауазымдарындағы үздік әскери басшыларды айқындауға мүмкіндік берді

ҚР Құрлық әскерлерінде офицерлер құрамын аттестаттау жалғасуда. Бас қолбасшыныӊ бірінші орынбасары генерал-майор Иділбек Алдабергеновтіӊ басшылық етуімен Құрлық әскерлері бригадаларыныӊ командирлері аттестаттау комиссиясынан өтті

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Құрлық әскерлерінде офицерлер құрамын аттестаттау жалғасуда. Бас қолбасшыныӊ бірінші орынбасары генерал-майор Иділбек Алдабергеновтіӊ басшылық етуімен Құрлық әскерлері бригадаларыныӊ командирлері аттестаттау комиссиясынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шалғайда орналасқан бригадалардыӊ командирлері онлайн режимінде телевизиялық байланыс арқылы тыӊдалды, ал орталық өӊірдегі бөлім командирлері тікелей аттестаттау комиссиясыныӊ отырысында есеп берді. Командирлерді бағалау кезінде жауынгерлік даярлықтыӊ сапасына, қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жай-күйіне, олардыӊ қарамағындағы бригадалардағы құқықтық тәртіптіӊ жай-күйіне үлкен назар аударылды. Осы көрсеткіштерді бағалаудыӊ рейтингтік жүйесі аталған бағыттар бойынша командирдіӊ жұмысқа қосқан жеке үлесініӊ нақты толық сипатын береді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы жүйе қолданғалы бері Құрлық әскерлерінде анағұрлым лайықты батальон, дивизион командирлерініӊ қолынан бүгінде бригада командирлері лауазымында тұрған көптеген дарынды және сауатты әскери басшылар шыӊдалды.

Жалпы алғанда, аттестаттау көрсеткендей Құрлық әскерлері құрамалары мен бөлімдерініӊ басшылық құрамыныӊ адамдардыӊ басын біріктіретін, жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ете алатын қажетті білімі, тәжірибесі және көшбасшылық қасиеттері бар. Одан басқа, аттестаттау әрбір бригада командиріне алдағы уақытта қорғаныс қабілетін арттыру үшін қажетті кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсетті.

Еске сала кетсек, биылғы жылы Қарулы Күштер офицерлер корпусыныӊ жоспарлы аттестаттауы 2015 жылғы қаӊтардыӊ 12-і мен қарашаныӊ 1-і аралығында екі кезеӊде өтетін болады. 2015 жылғы қаӊтардыӊ 12-і мен маусымныӊ 1-і аралығында батальон (дивизион), бөлім командирлері мен олардыӊ орынбасарлары лауазымдарындағы әскери қызмет өткеріп жатқан офицерлер, сондай-ақ қызмет пен мінез-құлқында елеулі кемшіліктері бар офицерлер өтті. Екінші кезеӊде 2015 жылғы маусымныӊ 1-і мен қарашаныӊ 1-і аралығында барлық қалған офицерлер құрамы аттестаттаудан өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны