02.12.2012, 12:30 3619

Ресей 2014 жылға дейін G20 форумының төрағасы болды

Ресейге G20-ға төрағалық Мексикадан ауысты, деп хабарлады РБК.

Астана. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ресей 2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап әлемнің 19 ірі ұлттық экономикасын және Еуроодақты біріктіретін G20 форумының төрағасы болды, сол жылы РФ төрағалықты Австралияға тапсырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ресейге G20-ға төрағалық Мексикадан ауысты, деп хабарлады РБК.

G20-ға кіретін экономикалар әлемдік ішкі жалпы өнімнің 90 пайыздан астам өндіреді, олар әлемдік сауданың 80 пайызын иеленеді. G20-ға Ресей, ЕО, Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, ОАР, Оңтүстік Корея және Жапония кіреді.

G20 форумының төрағасы аталған мемлекеттер көшбасшыларының кездесуін әзірлейді және қабылдайды, әлемдік экономикаға қатысты қабылданатын шешімдерді келіседі.

Ресейдің G20-ға төрағалығы ауқымында қаржы министрлерінің кездесуіне және шерпке 2013 жылы 5 млрд. рубль қарастрылған. Ресейдің G20-дағы шерпі Ксения Юдаеваның нақтылауынша, 2013 жылы "үлкен жиырмалық" елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банк басшыларының төрт кездесуі, сондай-ақ шерптің алты кездесуі өтеді. Бұл шаралар негізінен Санкт-Петербор мен Мәскеуде өтеді.

Ресейлік "жиырмалық" форумының басты іс-шарасы 2013 жылы 5-6 қыркүйек күндері Санкт-Петербордағы Константинов сарайында өтетін мемлекет басшыларының саммиті болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны