12.06.2008, 17:12 2571

Ресей Ауғанстанның есірткі индустриясының технологиялық және қаржылық тізбектерін үзуге шақырады

Ресей Ауғанстанның есірткі индустриясының технологиялық және қаржылық тізбектерін үзуге шақырады

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстанға арналған отырысында сөз сөйлеген Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин халықаралық прекурсор айналымын қадағалау жүйесін жолға қоймастан Ауғанстандағы есірткі өндірісінің өсімін тоқтату мүмкін емес деп мәлімдеді. Ол Ауғанстанның есірткі индустриясының технологиялық және қаржылық тізбектерін үзетін уақыттың келгенін жариялады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

В. Чуркин есірткі мен прекурсордың заңсыз айналымынан түскен қаражаттардың трансұлттық тасымалына бақылауды күшейтуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны