01.04.2015, 22:51 4049

Ресей азаматы шамамен 3 тонна балықты заӊсыз тасымалдады

Жүргізуші Ресей Федерациясыныӊ азаматы. Сондай-ақ, көлік иесінде тек 2,9 тонна балықты тасымалдауға рұқсаты болғаны анықталды.

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР АШМ Шығыс-Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныӊ қызметкерлері құқық қорғау органымен бірлескен рейдтік шараларын жүргізу аясында Омбы-Майқапшағай жолында 4,5 тонна балықты әкетіп бара жатқан "Isuzu" автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жүргізуші Ресей Федерациясыныӊ азаматы. Сондай-ақ, көлік иесінде тек 2,9 тонна балықты тасымалдауға рұқсаты болғаны анықталды.

Жинақталған материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны