03.03.2008, 19:15 3238

Ресей елшілігінің өкілдері аймақтағы Ресей президентінің сайлауын ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін Павлодар облысының әкімшілігіне алғыс айтты

Ресей елшілігінің өкілдері аймақтағы Ресей президентінің сайлауын ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін Павлодар облысының әкімшілігіне алғыс айтты

Павлодар. 3-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясы елшілігінің өкілдері облыс аумағында Ресей президентінің сайлауын ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін Павлодар облысының әкімшілігіне алғыс айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Павлодар облысының және қаласының әкімшілігін олардың бізге көрсеткен көмегі үшін зор құрметімізді білдіреміз. Біз олардың жасаған көмегінің арқасында сайлау учаскесін ұйымдастыруда ешқандай қиыншылықтарға кездеспедік", - деді бүгін Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің 2-ші хатшысы Андрей Юдин тілшілерге берген сұхбатында.

Ресей елшілігінің өкілі облыс аумағында жүрген Ресей азаматтары үшін туындаған барлық мәселелер дер кезінде шешілгенін, өздерінің азаматтық парызын орындау үшін барлық жағдай жасалғанын атап көрсетті.

"Біз осы Ресей үшін маңызды шараға осы облыста үлкен қызығушылық туғанын көрдік. Адамдар белсенді дауыс берді, ал адамдардың сайлауға қатысуы тіпті біздің күткенімізден де асып түсті", - деді А. Юдин.

Электоратты кеңінен қамту үшін әкімшілік қолдауымен жергілікті баспасөзде сайлау жайында толық ақпарат жарияланды. Онда сайлау мерзімі, тәртібі және сайлау жәшіктері орнатылатын мекенжайлар көрсетілді.

"Ресей жағы қойған мәселелерді біз Сыртқы істер министрлігімен келісе отырып жасадық. Себебі, сайлау комиссиясы елшілік қызметкерлерінен тұрады. Атап айтқанда, дауыс беретін орын ұсынуды шештік. Бюллетень тиеген көлік келе салысымен тәуліктік кезекшілікті қамтамасыз еттік", - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Нина Ким тілшілерге берген сұхбатында.

Сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, Павлодар облысында Ресей Федерациясы президентінің сайлауына 615 Ресей азаматы қатысқан. "Бұл өткен жылы Мемлекеттік думаға сайлау кезіндегіден екі есе көп", - деп атап көрсетті сайлау комиссиясында. Павлодар облысында Ресей азаматтарының 95 пайызы өз дауыстарын Дмитрий Медведевтің кандидатурасына берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны