11.05.2010, 15:13 2807

Ресей Федерациясының Кемерово облысындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті

Ресей Федерациясының Кемерово облысындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының Кемерово облысындағы "Распадская" шахтасында 8 және 9 мамырда болған екі жарылыстан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті. Қаза тапқан тағы 4 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрынғыдай 47 кеншінің тағдыры беймәлім күйінде қалып отыр. Оларға жету үшін үйінділерді аршу жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Оқыс оқиға орнында апат шыққан кезде 359 адам болған. Олардың басым бөлігі сыртқа шығып үлгерді. 71 адам ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны