05.06.2015, 15:50 4188

Ресей Қазақстаннан әкелінген 20 тонна картопты ел аумағына кіргізуге тыйым салды

Новосібір облысыныӊ аумағына Қазақстан Республикасынан көлікпен 20 тонна картоп әкелінген, деп хабарлады "Россельхознадзор"

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - Новосібір облысыныӊ аумағына Қазақстан Республикасынан көлікпен 20 тонна картоп әкелінген, деп хабарлады "Россельхознадзор", деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Фитосанитариялық бақылау жүргізген Новосібір облысы бойынша Ресейдіӊ ауыл шаруашылық тауарларын бақылау мекемесініӊ инспекторлары аталған өнімде оныӊ қауіпсіздігін растайтын тиісті фитосанитарлық сертификаттардыӊ жоқтығын анықтады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Халықаралық карантиндік заӊнамаға сәйкес өнімді Ресей Федерациясыныӊ аумағына кіргізуге тыйым салынды. Жүк иесіне қайтарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны