19.05.2010, 15:47 3340

Ресей Қырғызстанға 20 млн доллар көлемінде грант берді

Ресей Қырғызстанға 20 млн доллар көлемінде грант берді

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Ресей Қырғызстанға 20 млн доллар көлемінде грант берді. Бұл тцралы Қырғызстанның уақытша үкіметіінң баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресей президентінің арнаулы өкілі Владимир Рушайло грант берілгені жайлы хабарлай отырып бұған қоса таяу уақыттарда Ресей уақытша үкіметке $30 млн көлемінде жеңілдетілген несие беретіндігі жайлы уәде етті.

Бұдан бұрын РФ қаржы министрі Алексей Кудрин : "Қырғызстандағы ахуалға байланысты үкіметтің ағымдағы шығындарын қамтамасыз етіп келген кедендік және салық төлемдері әлсіз жиналуда",- деп атап көрсетті. Ресей үкіметі Қырғызстанға әлеуметтік қолдау мақсатындағы бірінші кезекті төлемдерге арнап 20 млн доллар көлеміндегі қайырымдылық грантын беруге мүмкіндік бар деп санайды, ал Россельхозбанк Қырғызстанның тиісті қаржылық мекемесіне $30 млн көлемінде жеңілдетілген несие беруге дайын.

Сәуірдің аяғында Россельхозбанк Қырғызстанның мемлекеттік банктерімен елге $30 млн көлеміндегі несие беру шарттары жайлы келіскенін хабарлаған болатын. Несие Қырғызстан үкіметіне төмен мөлшерлемемен, 5 жылға жеңілдетілген шартпен беріледі. Қырғызстан үкіметі бұл қаржыны экономиканы қолдау және ел бюджетінің шығыстарына жұмсайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны