12.04.2010, 11:45 2953

Ресей Қырғызстанның жаңа үкіметіне $150 млн астам көлемде грант бөледі

Ресей Қырғызстанның жаңа үкіметіне $150 млн астам көлемде грант бөледі

Бішкек. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Ресей Қырғызстанның жаңа үкіметіне $150 млн астам көлемде грант бөледі. Бұл туралы Қырғыз Республикасының уақытша үкіметінің мүшесі Алмазбек Атамбаев бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, Мәскеуде ол Ресей үкіметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген. А. Атамбаевтың айтуынша, ол Ресей жағынан толық қолдау мен түсіністікке ие болған.

"Қырғызстанда жағдай тұрақты болған кезде Ресей жағы $150 млн бөлген. Ал бүгін елде ауыр жағдай туғанда Ресей бұдан жоғары көлемде грант бөлуге дайын", - деді ол.

А. Атамбаевтың айтынша, жуырда бірқатар нақты проблемаларды шешу үшін Ресейге делегация аттанады. Соның ішінде Қырғызстанға жанар-жағармай жеткізу мәселесі де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны